Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

БАС МҮФТИ ЕЛДЕГІ АХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.01.2022 1480 0 пікір
БАС МҮФТИ ЕЛДЕГІ АХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі ахуалға байланысты «Қазақстан» ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

«Бүгінде діни жалаң ұрандарды жамылған кейбір шетелдік ұйымдар өздерінің теріс пиғылды пікірлерін мақсатты түрде таратуда. Олар мұсылман қауымының діни сенімі мен бірлігіне сызат түсіруге тырысуда. Осы орайда, мен еліміздегі барша исі мұсылман жамағатын шетелдік діни ұйымдардың жалған діни ұрандарына сеніп, арандап қалмауға шақырамын. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуалары мен үндеулерін, сонымен қатар ресми мәлімдемелерін басшылыққа алуды сұраймын» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сұхбат барысында Бас мүфти шеруге шығудың шариғат рұқсат еткен әдептеріне тоқталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысын баяндады. Сонымен қатар, жамағатты жұқпалы дерттің таралуына байланысты құлшылықты үйде орындауға үндеді. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Мұрағат