Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ӨЗБЕКСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН ДҰҒА ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.01.2022 2861 0 пікір
ӨЗБЕКСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН ДҰҒА ЕТТІ  (ФОТО)

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына жеделхат жолдап, қақтығыстан қаза тапқан жандардың туыстарына көңіл айтты.

«Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің және Өзімнің атымнан елін қорғап қаза тапқан бауырлас қазақ халқының батыр ұлдарының туған-туыстары мен ет жақындарына көңіл айтамын. Ерлікпен қаза тапқан жандар үшін Алладан пана сұрап, олардың туыстарын сабырға шақыру – біздің міндетіміз. Алла Тағала Құранда мұсылмандардың марқұмдар үшін «...Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр!» деп дұға қылуымызды бұйырды. Сондықтан біз қашан да олар үшін дұға етеміз» делінген көңіл айту жеделхатында.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру