Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

КОНФЕРЕНЦИЯ ДЕЛЕГАТТАРЫ – «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.11.2021 2701 0 пікір
КОНФЕРЕНЦИЯ ДЕЛЕГАТТАРЫ – «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ (ФОТО)

Елордада «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция делегаттары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа уағыз айтып, дін қайраткерлерін жамағатқа таныстырды.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров пен Ресей Федерациясы Омбы және Омбы облысы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бота Бакулин республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Исламдағы бауырмалдық, адамзаттың бірлігі, тәуелсіздіктің қадірі туралы тағылымды насихатын айтып, ізгі ниетін жеткізді.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің игілігі мен берекесі үшін арнайы дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру