Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАБАЛАР РУХЫНА 50 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.11.2021 2651 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАБАЛАР РУХЫНА 50 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында ақын, шежіреші, ауыз әдебиетін зерттеуші, ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп зиратын зиярат етіп, қарилар орталығының шәкірттері оқыған 50 Құран хатым дұғасын жасады.

«Алла Тағала еліміз бен жеріміздің болашағы үшін құрбан болған барша бабаларымыздың рухын пейіштің төрінде шалқытқай! Олардың артында қалған біздерге, барша қазақ халқына Алланың нұры жауғай! Жаратушы Жаббар Иеміз елдің сыртын жаудан, ішін даудан сақтағай! Мемлекетіміздің болашағы жарқын, халқымыз аман, жеріміз тыныш болғай!» деп дұға жасады Бас мүфти.

ҚМДБ Төрағасы бастаған дін қызметкерлері Ислам әлемінің танымал ағартушы ғалымы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухына да арнайы Құран хатым дұғасын жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру