Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІН АҚТАУҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.10.2021 3388 0 пікір
ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІН АҚТАУҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

21 қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінің ғимаратында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ДІН ДҮРБЕЛЕҢІ»: КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДІНГЕ ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жинди, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдуманов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, сондай-ақ ҰҒА академиктері, тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Дархан  Қыдырәлі және тарихшылар Айшуақ Дәрменұлы, Талғат Жолдасұлы қатысады.

Конференцияда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Сатершинов, Рахым Бекназаров, Досай Кенжетай және Шаповал Юлия саяси қуғын-сүргін тарихындағы дін өкілдері жайлы арнайы баяндама жасайды.

Сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Шәмшедин Керім, Мұхан Исахан, Төреәлі Қыдыр кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары жайлы баяндайды. Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы үндеу жарияланады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру