Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

РАНТ МҮШЕСІ ОҚЫРМАН СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.09.2021 2182 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ ОҚЫРМАН СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының «Еңбегімен ер сыйлы» тақырыбында тікелей эфирі өтті.

Діни басқарманың @muftiyatkz инстапарақшасы арқылы өткен эфирге ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Думан Сайфулла қатысып, еңбек тақырыбында оқырман сауалдарына жауап берді. Инстапарақша оқырмандары мен тікелей эфир тамашалаған көрермендер желі арқылы және Call орталықтың 87172333030 нөміріне хабарласып, сұрақтарына тұшымды жауап алды.

РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы көрермендерді еңбекқорлыққа үндеп, жалқаулықтан арылудың жолдарын, ұжымдағы қызметкерлер әдебі мен жұмысқа жауапкершілікпен қарау сынды озық қасиеттерді атап өтті.

Айта кетейік, тікелей эфир қыркүйектің соңғы жексенбісі – еңбек күніне орай ұйымдастырылды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру