Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДА ҮШ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.09.2021 3292 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДА ҮШ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында үш отбасыға үш үйдің кілтін табыстады.

Бұл жолғы баспана діни салада белсенді қызмет етіп, нәтижелі жұмыс істеп жүрген жас дін қызметкерлеріне бұйырды.

Салтанатты игі іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарма жас ұстаздар мен имамдарға өз мүмкіндігі аясында барынша қолдау көрсетіп келеді. Жаратушы Жаббар Иеміз жаңа үйлеріңізге жақсылығын жаудырсын. Сіздерді діни салада белсенді қызмет етуге шақырамын. Алла осы шаңырақтың ішін жанға, сыртын малға толтырғай. Әмин» деді.

Айта кетсек, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген 453, 454, 455-баспана кілті жас ұстаздар мен имамдарға табыстаталды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру