Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.08.2021 2795 0 пікір
ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Елордада ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлының жетекшілігімен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық жарыстың дайындық жұмыстары пысықталды.

Ең алдымен Ғылымбек Жәдігерұлы биылғы жарыстың жөні бөлек екеніне тоқталды.

«Өздеріңіз білесіздер, соңғы он жылда дәстүрге айналған республикалық сайыс биыл рухани астанамыз Түркістанда өтеді. Біз қазірден дайындықты бастап кеттік. Алланың қасиетті Құранын дәріптеп, қарилардың барынша ұқыпты дайындалуына жағдай жасауымыз керек. Бұл ретте облыстық өкілдіктер де осы жарысқа қатысатын қарилардың сайысын аяқтады. Бүгінгі жиынымызда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналып отырған жарысты ұйымдастыру жұмыстарын ретке келтіріп, өзімізге тиесілі міндеттерді ұқыпты атқарып шығуды сұраймын» деді Аппарат басшысы.

Жиын барысында Х Республикалық Құран сайысына жауапты етіп Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы мен Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы бекітілді. Сондай-ақ сайыс кезінде ақпараттық қолдау, телевизиялық түсірілім жасауды қолға алу, дизайнерлік және насихат жұмыстары Ақпарат және қоғаммен байланыс бөліміне тапсырылды. Қазіргі уақытта республикалық жарыстың жұмыс тобы құрылып, жауапты мамандарға міндет жүктелді.  

Еске сала кетейік, биылғы Құран жарысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қазан айының 13-14 күндері Түркістан қаласында өтеді. Сайыс Құран Кәрімнің 30, 20, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша ұйымдастырылады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру