Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТУРИЗМДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.06.2021 2981 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТУРИЗМДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи мешітінде Қажылық және отандық туризмді оқыту орталығының ашылуына қатысты.

«Darhan Dala Travel» туристік фирмасының директоры Бектемір Ысқақов Бас мүфтиге орталықтың жұмыс жоспарын баяндап берді. Оның айтуынша, орталық қажылыққа және еліміздегі, шетелдегі киелі орындарға баруға ниет еткен азаматтарды оқытумен, оларға тиісті нұсқамалар берумен айналысады.

Айта кетсек, кеше Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Darhan Dala» жобасын іске қосқанын мәлімдеген болатын. Бұл жобаны «Darhan Dala Travel» туристік фирмасы жүзеге асырады. «Darhan Dala Travel» туристік фирмасы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, шетелдегі және еліміздегі киелі орындарға зиярат, денсаулық, экотуризм бағыты бойынша тур ұйымдастырады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру