Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.09.2020 3018 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Мұнара» газеті жариялаған шығармашылық байқау қазылары – белгілі журналист, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, ардагер журналист Жанболат Аупбаев, Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлымен кездесті.

Басқосуда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының ел аумағында атап өтілуі, қазақ журналистикасының жай-жапсары мен еліміздегі діни жағдай төңірегінде әңгіме өрбіді. Бас мүфти өз сөзінде қаламгерлер қауымының ерен еңбегін жоғары бағалап, ел ағаларының ұсыныс-тілегін тыңдады. Сондай-ақ жүздесуде «Мұнара» газеті жайлы жылы пікірлер айтылды.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мұнара» газеті жыл басында авторлар мен оқырмандар арасында шығармашылық байқау жариялаған болатын. Өздеріңіздің қазылық етулеріңізбен байқау жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды. Абай атамыздың шығармашылығын тереңнен таразылаған барлық байқау қатысушыларына алғысым шексіз» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде қаламгерлер Діни басқарма жұмысын жоғары бағалап, ҚМДБ бастамаларына қашан да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру