Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ПАВЛОДАРДА 235-ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 12.06.2020 4854 0 пікір
БАС МҮФТИ ПАВЛОДАРДА 235-ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған ресми сапары барысында Баянауыл ауданы Майқайың кентінде тұратын жалғысбасты, көпбалалы ана Касив Хинаятқа екі бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

«Адам баласы үшін баспананың орны ерекше. Ол – шаршағанда тынығатын, құлшылық жасап, дұға ететін, бала-шағаңмен қауышып, қуанышқа бөленетін, қонақ күтіп, батасын алатын мекенің. Сондықтан осы үйді игілік жолында пайдалануларыңызға тілектеспін. Осы отбасыға қолдау білдіріп, қуанышын еселеген барша азаматқа Алла разы болсын айтамын. Жасаған қайырымдылықтың қайырын өздеріңіз көріңіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында жүзеге асқан 235-баспана Касив Хинаят анамыздың отбасына бұйырды. Осы игі бастама аясында Павлодар облысы бойынша 7 отбасыға баспана берілген. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру