Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 29.05.2020 3319 0 пікір
БАС МҮФТИ БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында біртоп қариямен кездесіп, сұхбаттасып, батасын алды.

«Үлкеннің батасын алып, алғысына бөлену – дініміз бен дәстүрімізде бар құндылықтың бірі. Алла Тағала ата-ананың ақысы мен құрметін Өзінен кейін орынға қойған. Сіздердің баталарыңызды алу – маған да үлкен мәртебе. Сапарға шықпай тұрып үлкеннің батасын алу – асыл дініміздегі сауапты һәм тәрбиесі мол амалдың бірі екенін баршамыз жастарымызға көбірек түсіндіруіміз керек. Берген баталарыңыз қабыл болсын. Алла Тағала сіздердей қарияларымызға күш-қуат, жастарымызға иман байлығын нәсіп еткей» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында батагөй ақсақалдар Жаңаөзенге ат басын тіреген ҚМДБ қызметкерлерінің қадамына құтты болсын айтып, ізгі тілегін жаудырып, ағынан жарылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру