Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА КӨШЕЛЕРІНЕ ЕРЕКШЕ БАННЕРЛЕР ҚОЙЫЛДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 22.05.2020 2133 0 пікір
ЕЛОРДА КӨШЕЛЕРІНЕ ЕРЕКШЕ БАННЕРЛЕР ҚОЙЫЛДЫ

24 мамыр күні еліміз бойынша Ораза айт мерекесі басталады.

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Ораза айттың құрметіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда көшелеріне мерекемен құттықтаған арнайы баннерлер қойылды.

«Ораза айт қабыл болсын!» деп жазылған республикалық «Әзірет Сұлтан» және елорданың «Нұр-Астана» мешіттері бейнеленген мұндай құттықтау баннерлерді қаламыздың барлық бұрышынан кездестіруге болады. Бұл да болса елордалық тұрғындарының еңсесін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын ерекше қадам болды.

Келе жатқан Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі