Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МҮФТИЯТ МАҚТААРАЛҒА 10 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ АУДАРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.05.2020 4902 0 пікір
МҮФТИЯТ МАҚТААРАЛҒА 10 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ АУДАРДЫ (ФОТО)

Бүгін Түркістан облысының Мақтаарал ауданына келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті жұртшылыққа көмек ретінде 10 млн теңгенің сертификатын табыстады.

«Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» дейді. Біз сіздерге облыстағы мешіттердің қолдауымен азық-түлік тиелген жүк көлігімен келдік. Жуырда «Зекет» қорының ұйымдастыруымен, облыстағы мешіттердің атсалысуымен 10 миллион теңге қаржылай көмекті «Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму қорына» аудардық. Қайырымдылық істің басы-қасында жүрген «Зекет» қорының өкілдеріне, барша дін қызметкеріне, жекелеген азаматтарға алғыс айтамын. Алла бұл сынақты жақсылыққа ұластырғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти мақтааралдық ағайын үшін арнайы дұға жасады. ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың айтуынша, игі іске аймақтағы қор өкілдері мен имамдар атсалысқан.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру