Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 04.11.2019 3329 0 пікір
БАС МҮФТИ АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау қаласында өткен аймақтық имамдар форумына құттықтау хат жолдады.

Бас мүфтидің игі тілегін ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы оқып берді.

"Дәл осы сәтте өтіп жатқан аймақтық имамдар форумы баршаңызды елдің игілігі мен ізгілігі, бірлігі мен берекесі сынды ортақ мүддеге топтастырып, жақсылыққа жұмылдырып отыр. Бүгінгі басқосу берекелі болсын!

Бұл - 23 қазанда арқа төсінде, Елорда төрінде өткен ІІІ республикалық имамдар форумының Атырау облысында жалғасын тапқан берекелі жиын. Аймақтық имамдар форумының сәтті өтуіне тілектестігімді білдіремін. 

Расында, Атырау - "Исатай - басшы, мен - қосшы", - деп жырға қосқан кешегі Махамбет сынды ақындар мен батырлардың, жыраулар мен жазушылардың ізі қалған киелі жер. Бақ дарып, құт қонған осынау Атырау облысының бас имамы етіп діни салада талай жыл еңбек еткен, білімі мен тәжірибесі өзара үйлескен Алтынбек Ұтысхан ұлдарыңызды тағайындадым. Болғанға болысып, бірлікке ұйысып, елдің ертеңі үшін қызмет ету - Сіз бен бізге үлкен аманат. Жаңа бас имамның игі бастамаларын қолдап, ізгі істің басы-қасында болатындарыңызға сенемін. Алла разы болсын!" - делінген Бас мүфти құттықтау хатында.

Форумға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, өңір имамдары, зиялы қауым өкілдері, жалпы 100-ден астам адам қатысты.


Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру