Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Бас мүфти Алматы жамағатымен жүздесті (ФОТО)

www.muftyat.kz 02.11.2019 3175 0 пікір
Бас мүфти Алматы жамағатымен жүздесті (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы қалалық Орталық мешіті жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын айтты.

Бас мүфти жұма уағызында дін атынан сөйлеудің жауапкершілігі үлкен екенін айта келіп, уағыз айтушы мен дін жайында сөз қозғаушыға қойылатын қатаң талаптарға тоқталды. Яғни дін атынан сөйлеуге діни біліктілік пен терең түсініктің ауадай қажеттігін жеткізді. Асығыс пәтуа беру мен білімсіз сөйлеудің күнәлі іс екенін ескертіп, дін ісін арнайы мамандардың еншісіне қалдыру керектігін ұқтырды. Сонымен қатар дін саласын оқып үйренуге ғалымдар бүкіл ғұмырын сарп ететінін мысалға келтіріп, бұдан діннің күрделі сала екендігін, сондай-ақ, діннің атынан бір ауыз сөз айтудың өзі үлкен жауапкершілікті іс екендігін аңғаруға болатынын баса айтты.

Жұма намазы аяқталған соң Құран оқылып, сауабы марқұмдарға бағышталды. Сосын жамағатпен ел-жұртымыздың тыныштығы мен әлем мұсылмандарының бейбітшілігіне арнап дұға жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру