Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АЙНАЛАСЫНА НҰР ШАШҚАН ҚАСИЕТТІ МЕККЕ МЕН МӘДИНА (Ғарыш кеңістігінен)

23.11.2015 7058 0 пікір

(Ғарыштағы спутниктік көріністен байқалған Алланың тағы бір құдіреті)

Жуырда ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин Мекке, Мәдина қалалары туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, аталмыш қалалар ғарыштан айналасына нұр шашып, жарқырап көрінеді екен.

«Ғарышта болғанымызда біз әріптестерімізбен бірге өзінің түнгі көрінісімен талайды таңқалдырып жүрген АҚШ пен Еуропа қалаларын суретке түсірдік. Алайда, суреттер сапасыз болып шықты. Кейін Жердің өзге өңірлерін де суретке түсірдік. Аппаратымыздың объективі Араб түбегін нысанаға алған кезде, біз тамаша көріністің куәсі болдық. Суреттерден жарқырап тұрған екі нүктені байқадық. Дегенмен, оның не екенін білген жоқпыз. Кейін анықтағанымызда, олардың мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке мен Мәдина қалалары екенін білдік», – дейді ресейлік ғарышкер.

А.Иванишин ғарышта куә болған ғажайыпты «Құдайдың құдіреті» деп атады. 

«Мәдина қаласының айналасында періштелер бар, ол қалаға індет және Дәджал кіре алмайды». (Бұхари риуаят еткен)

«Ибраһим Меккені қасиетті етіп, ол үшін дұға етті. Мен болсам Ибраһим Меккені қасиетті еткендей Мәдина қаласын қасиетті еттім. Ибраһим Меккеге дұға еткендей мен де оның барлық нәрсесіне дұға еттім». (Бұхари риуаят еткен) 

Төмендегі суреттер Федеральды Ғарыштық Агенттіктің (Федеральное космическое агентство) ресми сайттағы дәлелді суреттерге арналған, қарап тамашалаңыздар. (Сайтта салыстыру үшін басқа да қалалардың түнгі көрінісі келтірілген). Ең ерекшесі Алланың ең сүйікті қалалары - қасиетті Мекке мен Мәдина.

1. Краснодар


 

2. Астрахань


 

3. Камышин


 

4. Иркутск


 

5. Рим 


 

6. Милан


 

7. Севиля


 

8. Лондон


 

9. Лиисабон


 

10. Дубай


 

11. Будапешт


 

12. Анкара


 

13. Бангалор


 

14. Анталия


 

15. Эр-Рияд


 

16. Мекке


 

17. Медина

Толық ақпарат алу үшін: http://www.federalspace.ru/3394/

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру