Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Түркия мешіттеріне виртуалды «саяхат» жобасы іске қосылды

28.07.2015 5737 0 пікір
Түркия елінің керемет көріністерімен интернет қолданушылары жақынырақ таныса алады. Бұл қатарда елдегі бас мешіттер мен ғажам құрылысты тарихи орындарды көру үшін айшылық алыс жерлерден ат шалдыртып келмей-ақ тамашалауға болады.

Түркия дін істері басқармасы игі жобаның тұсауын кесті. Аталмыш интернет жобасы елдегі танымал мешіттерге виртуалды экскурсия жасауға мүмкіндік береді.

Ахмед Хамди Аксеки мешіті, Анкара

Ахмед Хамди Аксеки мешіті, Анкара – Түркияның жаңа материалдармен жабдықталып, заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген люкс санаттағы мешіті. Мешіт 2013 жылы ел игілігіне берілді. Бас мешіттің 33 метрлік мұнарасы Түркиядағы ең ірі мұнараларының бірі саналады. 

3D-саяхат: http://diyanet.gov.tr/UserFiles/3DMosque/ahmethamdiakseki-cami/ahmethamdiaksei_out.swf

Сұлтанахмет мешіті, Стамбул

Стамбулдағы ең ірі мешіт. Онда алты мұнарасы: төртеуі – қалыпты, ал екеуі сәл кішірек және сыртқы бұрышта орналасқан. Бұл ислам және әлемдік архитектураның ең үздік үлгісі саналады.

Сұлтанахмет мешіті Мәрмар теңізі жағалауында, Стамбул шаһарының тарихи орталығында белгілі Ая-София мұражайына қарсы бетте орын тепкен. Мешіт қаланың айшықты мақтан тұтар белгісі ретінде бағаланған.

Сұлтанахмет мешітіің таңғажайып сипаттарының бірі – оның бүтін мәрмәр тасынан қашалған михрабында. Онда Мекке қаласынан жеткізілген қара тас бекітілген. Михрабтың жанында имам уағыз жүргізетін мінбер орналасқан.

3D-саяхат: http://diyanet.gov.tr/UserFiles/3DMosque/sultanahmet-cami/

Эминоню жаңа мешіті, Стамбул

Жаңа мешіт немесе Валиде мешіті аталатын бұл құлшылық үйі бірнеше ғасырлар бұрын, 1597-1663 жылдары тұрғызылған. Мешіт III Мұрад сұлтанның сүйіктісі және III Мехмед сұлтанның анасы – Сафий Сұлтанның әмірімен іргетасы қаланды. Валиде мешітінің бас архитекторы болып Дауд Ага тағайындалып, оның қазасынан соң құрылысты Далгич Ахмед Аға жалғастырды. Алайда, Сафий Сұлтан 1605 жылы қайтыс болуына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылды. 1660 жылы жаңа мешіт құрылысы қайта жанданды. Бұл мешіт тарихында маңызды орынды IV Мехмед сұлтанның анасы Тұрхан Хатидже – Валиде алды.Мешіттің бас сәулеткері болып Мұстфа Аға бекітілді. 

 3Dсаяхат: http://diyanet.gov.tr/UserFiles/3DMosque/yeni-cami/

 

Ақсарай мешіті, Стамбул

Ақсарай мешіті 1869-1871 жылдары Пертевниял Сұлтан, II Махмұд сұлтанның әйелі және Абдул Әзиз сұлтанның анасының әмірімен сәулетші Саркис Бальян сәулетшісінің жобасы негізінде салынды. Мешіт құрылысында түрлі стиль – ренессанс, готика, империялық үрдіс, рококо және Осман үлгісі үйлестіріле қолданылды. Мешіттің екі үлкен және шағын мұнарасы бар. Ақсарай мешіті маңында субұрқақ, кітапхана орналасқан. Кітапхана кейінгі жылдары Сүлеймен кешенді кітапханасына өткізілді. Алғашқыда мешіт Ақсарай алаңына шығып тұрды. Алайда, Ататүрік гүлбағын қайта тұрғызуына және ХХ 50-жылдары көлік жолдары айналмасы құрылысына байланысты мешіт көше биіктігінен төмендеп, айтарлықтай шөкті. 

3D-саяхат: http://diyanet.gov.tr/UserFiles/3DMosque/pertevniyal-valide-cami/

Шехзаде мешіті, Стамбул

153 жылы Сүлеймен сұлтанның ұлы Шехзаде Мехмед қайтыс болған уақытта сәулетші Синан Стамбул шаһарында 1543-1548 жылдары мешіт тұрғызды. Мешіт мұнарасының биіктігі – 18,2 метр. Бұдан бөлек симметриялы орналасқан 4 кіші мұнара бар. Шехзеда мешітінің 55 метрлік екі мұнарасы алыстан менмұндалайды. Іргетасы биік мешіттің төменгі қабаттарында жазда қоңыр салқын, ал қыста жылы температураны ұстап тұратын бассейні бар.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы құлшылық ордаларының бірі – "Әзірет Сұлтан" мешітіне ЗD-саяхат жасап, еліміздің Бас мешітін көзбен көргендей әсер алуыңызға болады. Аталмыш интернет жобасы "Әзірет Сұлтан" мешітінің ресми порталы Muslim.kz рухани-ағарту, ақпараттық сайты ашылғалы бері жұмыс жасап келеді.

ЗD-саяхат: http://muslim.kz/kk/virtual-tour

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру