Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

06 July 2025

11 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Өрмекшілер Пәкістанды қалай құтқаруда?

19.12.2014 6822 0 пікір

Суретте көріп отырғандарыңыздай, мұндағы ағаш атаулы бейне бір жаялыққа оранған тәрізді болып тұр. Бұндай көріністі бұрын көрмегендеріңіз де белгілі. Алайда, бұл – кәдімгі өрмекшілердің торы ғана. Осы арқылы олар пәкістандықтарды қиындықтан құтқару үстінде.

Өрмекшілердің бұлай тор құрып, ағаштарды орап тастау Синд провинциясында бірнеше ай бойы толассыз жауған жауыннан кейін басталған. Бастапқыда қорқынышты көрінген өрмекшілердің бұл әрекетінің күтпеген жерден жағымды жақтары анықталды.

Судан сақтанған өрмекшілер биікке ұмтылып, үлкен көлемде тор құра бастаған.

Өрмекшілердің бұл тосын қылығы су шайып кеткен аймақта өз кезегінде малярий дертінің төмендеуіне әкелді. Малярий  – малярий масалары арқылы пайда болатын аурулардың бірі. Түбі өлміге әкеліп соғады.

Мінекей, жауыннан кейін күрт көбейген малярий масаларының жайылып кетпеуіне өрмекшілердің осы бір тосын қылығы себеп болған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру