Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

99 жастағы әженің ерлігі (ФОТО)

11.09.2014 5472 0 пікір

Оның есімі – Лилиан Вебер. Ғасырға жуық жасаған әже Африкадағы иіні жүдеу, тұрмысы төмен қыздар үшін 840 көйлек тікті. Келесі жылы жүзге толатын әже өзінің мерейтойына орай көйлектер санын мыңнан асыруды көздеп отыр. Әженің қолынан шыққан көйлектер тек сапасымен ғана емес, сонымен қатар, сәнімен де ерекшеленеді. Яғни, көйлектердің сән үлгісі бір-бірін қайталамаған.  Лилиан әже көйлек тігуді таңертеңгі уақыттан бастайды. Түскі ас кезінде үзіліс жасап, аздап тынығып алғаннан кейін қайта көйлек тігуге отырады.  Күніне бір көйлектен тігеді екен.

99 жастағы әженің ерлігі

islam.kz

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру