Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырауда мешіттер жанынан Аталар мектебі құрылды (Видео)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 10.04.2023 1636 0 пікір
Атырауда мешіттер жанынан Аталар мектебі құрылды (Видео)

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен мешіттер жанынан құрылған Аталар мектебінің өкілдері бас қосты.

Жиында бас имам асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауда ақсақалдардың ролі ерекше екенін атап өтті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан арнайы ақсақалдар алқасы бар екені белгілі. Біз әртүрлі тақырыпта  мешіт істері, жастармен жұмыс, садақа, жаназа сынды көпшілік ортада дін қызметкеріне тән ұстамдылық пен тәртіп мәселесінде басқа да ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеуде  сіздердің кеңестеріңіз қажет. Халқымызда «Қарты бардың қазынасы бар» деген керемет сөз бар. Ұрпақ, қоғам тәрбиесі тақырыбындағы шараларды өздеріңізбен кеңесіп отырып атқарамыз» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Облыс бас имамы алдағы уақытта орта буын өкілдері арасында Әкелер мектебі құрылатынын атап өтті. Жиында Аталар мектебінің жұмыс жоспары талқыланды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру