Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сектор меңгерушісі – Сыр өңірінде

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 17.02.2023 1875 0 пікір
Сектор меңгерушісі – Сыр өңірінде

ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен барды.

Діни басқарма өкілі алдымен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітін аралап, «Tanym media» студиясы, «Шебер әйел» қолөнер орталығы, діни кітапхана және әйелдер бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұдан кейін «Қыз тәрбиесі – ұлттың ұяты» тақырыбындағы семинарға қатысты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес «Әжелер мектебін» жаңғырту мақсатында өткен шарада өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы әйел адамның исламдағы мәртебесі мен қоғамдағы рөлі жайлы атап өтсе, Динара Құтқожақызы ұрпақ тәрбиесіне тоқталып, оның ішінде ата-бабаларымыздың қыз балаға, оның иба-мінезіне ерекше мән бергендегі хикметін түсіндірді.

Сондай-ақ сектор меңгерушісі облыстық Жастар ресурстық орталығында қызылордалық арулармен кездесті. Динара Құтқожақызы «Білім мен тәрбие – егіз ұғым» тақырыбында насихат айтып, ата дәстүрімізге негізделген тәрбие мектебінің міндетін түсіндірді. Сонымен қатар, жастардың, әсіресе бойжеткен арулардың түрлі ғылым-білім меңгеріп, заман талабына сай жан-жақты дамудың маңыздылығын, сауатсыздық пен жат ағым жетегінде кетудің зардабын атап өтті.

Еркін форматтағы басқосу соңында Динара Құтқожақызы Сыр бойының сұлуларына сәттілік тілеп, әпкелік ақыл-кеңесін айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру