Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТІҢ ИЫҒЫНА ШАПАН ЖАПТЫ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 30.05.2022 2342 0 пікір
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТІҢ ИЫҒЫНА ШАПАН ЖАПТЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ға қарасты «Иман» журналының бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек 80 жасқа толды. Мерейлі күнге орай мүфтияттың Алматы қаласындағы кеңсесінде наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы ардагер журналисті арнайы құттықтады.

Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, 53 жылдан бері еліміздің баспасөз саласында жемісті қызмет етіп келе жатқан Оңғар Сапарбекұлының иығына шапан жапты. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері діни баспасөздің қалыптасып нығаюына, имандылықты насихаттап-дамытуға, елімізде дінаралық келісім мен төзімділіктің, діни тұрақтылықтың орнығуына тиісті үлес қосқан журналиске алғысын жеткізді.

Сондай-ақ ата-бабамыздың асыл діні мен ұлттық руханиятымыздың құндылықтарын жан-жақты, кәсіби деңгейде, жанашырлықпен, табанды түрде насихаттап келе жатқан ақсақалды мерейлі 80 жасымен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Айта кетейік, Оңғар қажы Өмірбек біраз жыл ҚМДБ баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазіргі таңда «Иман» журналының бас редакторы. Қазақстанның құрметті журналисі, «Шапағат» медалінің иегері. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру