Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбеде азаншылар байқауының іріктеуі өтті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 26.05.2022 1642 0 пікір
Ақтөбеде азаншылар байқауының іріктеуі өтті

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен маусым айында «Әдемі әуезді азаншы» V республикалық азаншылар жарысы өтеді.

Осыған орай ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты діни қызметкерлердің қатысуымен облыс көлемінде V республикалық азаншылар байқауының іріктеуі өтті.

Аудан, қала имамдары мен азаншыларынан құрылған додалы сайыста Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Мұхаммедисмаил Шадман және Бекжан қари Әлденов төрелік етті. Байқау шарты бойынша азаншының мақамы, тәжуиді және махражына мән берілді.

Бірнеше қатысушы арасынан суырылып шығып, үздік азаншы ретінде өзін көрсеткен Байғанин ауданы Жарлы ауылдық мешітінің имамы Әкім Таңжарбайға төрешілер V республикалық азаншылар жарысына жолдама табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру