Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Ауызашар мәзірлерін тексерді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 20.04.2022 2785 0 пікір
Алматы: Ауызашар мәзірлерін тексерді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының Алматы қаласы бойынша өкілі Маратхан Чадаев, технолог Әселхан Сыдық және 8 ауданға жауапты өкілдері тексеріс жұмыстарын жүргізді. 

Рамазан айына орай ауызашар өткізіліп жатқан мешіттерде азық-түліктің, мәзірдегі ас-судың Халал стандартына сай қолданылуы тексерілді. Санитарлық талаптар орындалуы жіті қадағаланды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді.

Қазіргі таңда қаласы бойынша 47 мешітте ауызашар беріліп жатыр. Сондай-ақ Алатау ауданы бойынша жауапты маман Сұлтанбек Әуелбеков те аудандағы мешіттердің рамазан ауызашарына дайындық жұмыстарымен танысып, Халал стандартына сай келуін тексеріп шықты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру