Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Қыздар арасында Құран байқауы өтті

amin.kz 12.04.2022 1994 0 пікір
Атырау: Қыздар арасында Құран байқауы өтті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен, әйелдер жамағаты арасында Құран байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар Құранның 30-парасын жатқа айтудан және мәнерлеп оқудан өзара сынға түсті. Байқау жеңімпаздарын Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы марапаттады.

«Рамазан – қасиетті Құран түскен ай. Рамазан – рухани жаңғырудың һәм тазарудың айы. Бұл айда Құран оқудың, оны үйренудің және үйретудің сауабы да еселене түседі. Мақсатымыз – рухани тазалықты дәріптеу» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды (100 мың теңге) Аяулым Заңғарқызы, екінші орынды (75 мың теңге) Айдана Қайырова, үшінші орынды (50 мың теңге) Әсемгүл Рахметова жеңіп алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру