Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Мешіттердің Рамазан айына дайындығы пысықталды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 17.03.2022 2619 0 пікір
Атырау: Мешіттердің Рамазан айына дайындығы пысықталды

Атырау облысы имамдарының Мақат ауданында өткен көшпелі мәжілісінде қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі талқыланды.

Облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен өткен жиында Рамазан айы кезінде мешіттерде атқарылатын іс-шаралар жоспары пысықталды.

«Рамазан айындағы ауызашарлар, мешіттің ішкі-сырты тазалығы, тәртіп, санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалау қажет. Сонымен бірге, Рамазан айында отыз күн арнайы бейнедәрістер топтамасын ұйымдастырып, жамағаттың көкейкесті сұрақтарына инфографикалық суреттер арқылы жауап беру форматын іске қосу керек» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай-ақ көшпелі мәжіліс барысында облыс имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен концептуалдық құжаттарды талқылады.

Олардың қатарында Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар бар.

«Мәселен, кеңес былтыр қабылдаған құжаттардың басым көпшілігі заманауи және тұрмыстық мәселелерге қатысты болды. Олардың қатарында қоғамды алаңдатқан екпе егу, төлем карталарын қолдану, ЛГБТ үкімі, парақорлық, жалға алған мүлікті жалға беру, ұрық донорлығы секілді көкейкесті мәселелер бар. Біз осындай проблемалық жайттардың үкімін бұқара арасында кеңінен насихаттауымыз керек» деді бас имам.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру