Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: «Дін және спорт» шарасы ұйымдастырылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 11.03.2022 1879 0 пікір
Шымкент: «Дін және спорт» шарасы ұйымдастырылды

Таяуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің спорт залында ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағытына сәйкес «Дін және спорт» атты салауатты өмір салтын насихаттау шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, медресе-колледждің ұлағатты ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Өркен Сапарқұлов, Руслан Абдурахман, Нұрсұлтан Басымбеков, Бахытжан Жумадуллаев ұстаздары қатысып, төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша, кір тасын көтеруден: 13-391 тобының студенті Кенжаев Қадыр 1-орын, 13-491 тобының 3 курс студенті Нұрмахан Айдын 2-орын, 13-9-121 тобының студенті Хусан Ал-Фараби 3-орынды иеленді.

Қол күрестен: 13-491 тобының 3 курс студенті Демеуов Абдурахман 1-орын, 13-9-121 тобының 1 курс студенті Қадырбеков Шаттық 2-орын, 23-401 тобының 2 курс студенті Жұматай Ерназар 3-орынды иеленді.

Футбол жарысынан: 13-391 тобының «Ордабасы» командасы 1-орын, 13-491 тобының «Қайрат» командасы 2-орын, ал 23-401 тобынан құралған «Отырар» командасы 3-орынды иеленді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру