Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: «Qamqor-Sharapat» орталығының өкілдігі ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.03.2021 2645 0 пікір
Өскемен: «Qamqor-Sharapat» орталығының өкілдігі ашылды

ҚМДБ-ға қарасты «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Өскемен аймағы өкілдігінің бөлімі ашылып, өкілі тағайындалды.

«Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Өскемен аймағы өкілдігі түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар өткізді. Жиынға Өскемен аймағына қарасты аудан, қала имамдары мен облыстық мешіт қызметкерлері қатысты.

Семинарда ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапты болдырмау, халыққа ортақ мәдениет қалыптастыру, салт-дәстүрді ұлықтап, жаңғырту мақсатында салттық қызмет көрсету орталығы іске қосылып жатыр» дей келе, өңірде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.

Бас имам сонымен қатар «Qamqor-Sharapat» қызметі жайлы және ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжатына сай жерлеу, ас беру, басқа да діни рәсімдерді өткізу жолдарын түсіндірді. Жиында осы бағыттағы халықтың діни сауатын арттыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу мәселелері талқыланды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру