Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

09 May 2024

1 Zýlqaǵda 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: «Көшпелі керуен» Жалағашта

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 28.10.2020 2461 0 пікір
Қызылорда: «Көшпелі керуен» Жалағашта
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бастау алған қайырымдылық керуені Қызылорда облысында мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлауда.
 
ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Көшпелі керуен» республикалық акциясы Жалағаш ауданында жалғасын тапты.
 
Ауданға арнайы сапармен барған Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен «Зекет» қорының облыстағы өкілі Онталап Тасболатұлы тұрмысы төмен 30 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.
 
Аудандық мешітте өткен қайырымдылық шарасынан соң бас имам мешіт жанашырларымен кездесті. Кездесуде имамдармен бірге сауапты істерді жүзеге асыруда белсенділік танытқандары үшін және мешіттер мен дін қызметкерлеріне жасаған қамқорлықтары үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хатымен марапаттады.






Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру