Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: 12 құдық пайдалануға берілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 21.07.2020 3123 0 пікір
Маңғыстау: 12 құдық пайдалануға берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 12 жаңа құдық қазылып, халық игілігіне берілді. 

Аталмыш іс-шара қасиетті Рамазан айында басталып, шілде айының ортасында аяқталып отыр. Қазылған 12 құдықтың әрқайсысының тереңдегі 4 метр, сыйымдылығы 5000 литр шамасында. Жергілікті тұрғын үй иелерін құттықтау үшін ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Айдос Жамбылұлы Мұнайлы ауданына арнайы барып келді. 

Осы игі бастама аясында, кейбір мұқтаж отбасылардың тұрғын үйлерінің есік-терезелері ауыстырылып, шатырлары жөнделіп, бас-аяғы 2 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жасалды. 

«Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан, игі шараға қаржылай көмек көрсеткен облыс аумағындағы мешіттердің имамдары мен қайырымды кәсіпкер азаматтарға алғысымызды білдіреміз» дейді өңірдің бас имамы Ә.Елжанов.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру