Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды имамдарының жартыжылдық төралқа жиыны өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 11.06.2020 2745 0 пікір
Қарағанды имамдарының жартыжылдық төралқа жиыны өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлының басшылығымен қала, аудан имамдарына арналған жартыжылдық төралқа жиыны өтті.

Жиын Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Зияткер имам келбеті» тақырыбында оқыған дәрісімен басталды:

«Имамның әр сәті – жауапкершілік. Өйткені біз Алланың аманатын арқалап жүрген жанбыз. Халықты имандылыққа үндейтін имамның бойында ізгілік құндылықтары үнемі көрініс тауып отыруы тиіс. Өзара ұйымдасып дінге, халыққа қызмет етуде ыждаһат танытып, белсенді болыңыздар. Халыққа қызмет етуден асқан ғазиз нәрсе жоқ. Адамның алғысын алған пенде Алланың да ризалығына бөленеді. Баршаңызды жұртқа жақсылық жасауда өзара жарысуға шақырамын».

Жиында жарты жыл бойы атқарған ұйымдастыру-басқару, діни уағыз-насихат, оқу-ағарту, шариғат және пәтуа бөлімі,түзету мекемесі бойынша, халал өнімдерін стандарттау бөлімі,қайырымдылық және уақып істері, ғаламтормен жұмыс барысы т.б. салалардағы қызметтер талқыға салынды. ҚМДБ-ның жүктеген алдағы міндеттемелері мен тапсырмалары назарға алынып, атқарылатын шаралар мен жоспарлар құрылды.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, теріс ағымдармен күрес жұмыстарын күшейту, мешіттерді білікті кадрлармен толықтыру, шәкірттерді білімге баулу, діни дәрістерді жүйелеп, сабақ кестелерін бекіту, мешіт құжаттарын реттеу, жамағаттың өзара ынтымағын арттыру, қайырымдылық шаралар өткізіп, қоғамдық орындармен ықпалдастық орнату т.б тәрбиелік жұмыстар жүргізу мәселелері қамтылды. Қала, аудан имамдары да өз ұсыныстарымен бөлісіп, ортақ мәселелер жоспарланды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру