Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: «Ең бақытты әйел» семинар-тренингі өтті

muftyat.kz 27.01.2020 2792 0 пікір
Маңғыстау:  «Ең бақытты әйел» семинар-тренингі өтті

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылының «Төлей ишан» мешітінде «Ең бақытты әйел» атты семинар-тренинг өтті.

Өңірдегі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингтің мақсаты – нәзікжандылардың өмірге, қоршаған ортаға, отбасыға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру. Мақсат қоя біліп, бақытты болуға бағыт бағдар беру.

Тренинг бірнеше бөлімнен тұрды. Соның алғашқы бөлімі «Алтын жіпте» сәлемдесу арқылы жақсы қасиеттерін атап, топтық жұмыстар арқылы бақытты әйел пирамидасын құрып, талқылады. Тағы да қосымша логикалық сұрақтар мен ойындар жүргізілді.

Семинарға белсене қатысқандарға психолог Айгерім Шарханқызының алғыс хаты табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру