Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Шардара ауыл» мешіті (Sýretter)

«Шардара ауыл» мешіті

«Шардара ауыл» мешіті. Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылында «Шардара» мешіті  орналасқан. Ғибадат үйінің құрылысы 1992 жылы көктем айында басталып, 1998 жылдың күзінде аяқталды. Мешіттің салынуына мұрындық болған Шардара ауданы Акционерлік қоғамының төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, Әбішев Әбжали, Тілегенов Кузембай, Аширов Сейітқасым, Абдраманов Арыстан, Тажиев Бөдес, Есмұрзаев Қосымбек  сынды  азаматтардың  басшылығымен жергілікті халықтың  қаржысымен салынған. Шардара ауыл мешіті үлкен жолдың бойында халықтың келуіне ықшамды жерден салынған.

Мешіттің ішкі сипаттамасы: Мешіттің көлемі 18 х 12 метрді құрайды. Мешітке  бір мезгілде 300 адам намаз оқи алады. Мешіт үш бөлмеден тұрады. Біріншісі имам бөлмесі, намаз оқитын үлкен зал, үшіншісі балалар сауат ашу бөлмесі орналасқан. Михрабы бар. Үстіндегі күмбездің диметрі 4 метр, биіктігі 2,5 метр.  Төрт бұрышында кіші төрт минарет орналасқан.

Мешіттің сыртқы көгалдандыруына 2946,0 шаршы метр жер  бөлінген. Мешіт алдына қойма бөлмесі салынған. Аулаға ағаштар егіліп, көгалдандырылған. Мешіттің сыртқы қорғаны темір қорғанмен  қоршалған. Мешіт алдына имандылық айна тақтасы орнатылған. Мешіт ауласында заман талабына сай әжетхана салынған. Мешіт ішінде бір мезгілде 250 адам намаз оқи алады.

Мешіттің имамы Абдраманов Смат Арыстанович 87024791236

Осы облыстағы мешіттер