Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Рысқұл Аман» мешіті (Sýretter)

«Рысқұл Аман» мешіті

«Рысқұл Аман» мешіті Арыс қаласы, Байырқұм ауыл округінде орталық көшенің оң жағында орналасқан. Мешіт жеке кәсіпкер Аманов Нұрсейіттің демеушілігімен салынған. Мешіттің құрылысы 1993 жылы басталып, 1994 жылы  ашылған.

Мешіттің ішкі сипаттамасы. Мешітің көлемі 16х10 метрді құрайды. Мешіт төрт бөлмеден тұрады. Кереберісте дәліз, үлкен зал. Имам бөлмесі.дәрісхана. Мешіт ішінде бір мезгілде 100 адам намаз оқи алады. Мешіттің жалпы биіктігі  төрт метр. Екі мұнарасы бар, бір күмбезі бар. Мешіттің төбесі шифірмен жабылған.Еденіне бір түсті жайнамаз төселген. Мешітке бір есік арқылы кіреді. Мешітте төрт терезе қойылған. Мешітте жылу жүйесі қамтылған. Мешіттің сырты көгалдандырылған. Жеміс отындық ағаштар егілген. Мешіттің жалпы ауданы 27, соттық.Мешіттің сыртқы қорғаны темір шарбақпен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер