Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Әкім қары» мешіті (Sýretter)

«Әкім қары» мешіті

«Әкім қары» мешіті Арыс қаласы, Дермене ауыл округінің үлкен көше бойында орналасқан. Мешіт халықтың демеушілігімен салынған. Мешіт 1992 жылы басталып, 1994 жылы салтанатты түрде ашылған.

Мешіттің ішкі сипаттамасы.Мешітің көлемі 14х14 метрді құрайды. Мешіт үш бөлмеден тұрады. Кереберісте дәліз,үлкен зал,имам бөлмесі.Мешіт ішінде бір мезгілде 200 адам намаз оқи алады. Мешіттің жалпы биіктігі  бес метр. Екі мұнарасы бар.Мешіттің төбесі шифірмен жабылған.Еденіне  екі қабаттан гілем төселген.Мешітке бір есік арқылы кіреді.мешітте алты терезе қойылған. Мешіттің сырты көгалдандырылған.Жеміс талдар егілген.Мешіттің жалпы ауданы  15,соттық.Мешіттің  сыртқы қорғаны темір тордан қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер