Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Рәтәй қажы» мешіті (Sýretter)

«Рәтәй қажы» мешіті

«Рәтәй қажы» мешіті Арыс қаласындағы, Стадион мөлтек ауданы, Б.Онтаев көшесі Арыс – Шардара тас жолының ішкі жағында орналасқан. Ол қаланың үлкен мешіттердің бірі. Мешіт Социалистік Еңбек Ері Әуесқан қажы Салықбаевтың демеушілігімен салынған. Мешіт 1996 жылдың 1 наурызында басталып, сол жылдың  қазан айында  ашылған.

Мешіттің ішкі сипаттамасы.Мешіттің көлімі  18х18  метрді құрайды. мешіт бір үлкен бөлемеден тұрады. Мешіт ішіне кіргенде үлкен намазхана алдында бастырмасы бар. Мешіттің оң жағында қарауыл, бас имам отыратын және балалар оқитын дәрісхана бар, мешіт ішінде бір мезгілде 500 адам намаз оқи алады.Мешіттің жалпы  биіктігі жеті метр, төріт мұнарасы бар, бір күмбезі бар. Төбесі қаңылтыр шифірмен жабылған.Еденіне бір түсті  жайнамаз төселген.Мешітке ішкі Үлкен екі есік арқылы кіреді.Мешітте айнала алты терезе қойылған. Мешітте жылу жүйесі қамтылған.Мешіттің сырты көгалдандырылған.Жеміс талдар егілген.Мешіттің жалпы ауданы 39, соттық.Мешіттің сыртқы қорғаны темір шарбақпен  қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер