«Басқұдық» мешіті
«Басқұдық» мешіті Қазығұрт ауданы Шанақ аулында Қалқаман Жиенбекұлының демеушілігімен 2010 жылы салынған. Күмбез, мұнарасы бар. Үлкен жолдың батыс жағында орналасқан. Мешіт ауыл округ орталық мешіті болып есептелінеді. Мешіт алдына ірге тас төселген. Шарбақтар ең соңғы үлгідегі құрылыс материалдарымен жөнделген. Мешіттің үлкен биіктігі 9 метрлік күмбезі және 4 9 метрлік мұнаралары бар. Мешіт алдына арнайы 15 метрлік минерет салынған.Біркелкі кілем төселген. Су құбырлары, электр жүйесі, жылыту жүйесі, сымтетік желі тартылған.