Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Мұсылмандар» мешіті (Sýretter)

«Мұсылмандар» мешіті

Қазығұрт аудандық  орталық «Мұсылмандар» мешіті

«Мұсылмандар» мешіті ҚМДБ филиалы. Қазығұрт аудан орталығында, жолдың батыс жағында, орталық жолдың оң жағында елдің ортасында орналасқан. Мекен жайы Қонаев көшесі №172.

«Мұсылмандар» мешіті Қазығұрт аудандық орталық мешіті болып есептелінеді. Аудан аумағында ел руханиатына қызмет жасап жатқан 47 мешіттің жұмыстарының нәтижелі болуына, еліміздің өркендеуіне , халықтың санасына рухани азықтандыру жұмыстарына бағыт бағдар беріп отырады.

1997 жыл Шымкент қаласындағы «Комитет Мусульман Азии»-дің демеушілігімен  көлемі 14х14. 196 м², сиымдылығы 550-600 адамдық, қызыл қышпен  салынған. Мешіт ауласы 0,15 га. Екі күмбез, екі мұнарасы бар.

 Мешіт екі қабатты. Бірінші қабатта намаз оқитын зал.екінші қабатта намаз оқитын екі үлкен зал, әйелдер және намаз үйренетін бөлмелер бар. Минбар 7 тепшектік ағаштан жасалған. Аса таяғыда ағаштан.Жұма намазында уағыз айтатын арнайы жамағатқа имамның анық көрініп тұратындай орын жасалынған. Мешіт ішінде айналасына жарық беретін әсем люстралар. Жылыту жүйесі еденнен жылытылады. Біркелкі кілем төселген. Өртке қарсы (сигнализация) дыбыс көтергіш аппараты , бейне бақылау камерелары қойылған

Мешіт жанында қосымша халық игілігіне қызмет жасап жатқан  3 ғимарат салынған «Діни сауат ашу курсы» оқу, сауат ашу корпусы және ол ғимарат ішінде 1. Аудан имамының қабылдау бөлмесі 2. (Сабырлық бөлмесі)Аудан имамының орынбасарларының бөлмесі. 3. Діни сауат ашу бөлмесі  4. Кітапхана 5 . Құран оқу, неке қию бөлмесі  6. Қыздар сауат ашу бөлмелері бар. Мебелді жиһаздар, парта,  телефон, компьютер, телевизор, интернет-уафай жүйесі жабдықталған.

Діни  рәсімдерді өткізетін 200 орындық ғимараты 200 орынға лайық орындықтар, ыдыс аяқ т.б барлығы қамтылған. алдына заманауи шатыры салынған.

Ғұсылхана , дәрет алатын орын... Замануи материалдармен жабдықталған, жылыту жүйесі еденнен жылытылады. Жылысу толық іске қосылған.

Мешіт алдында автотұрақ , ағын су арығына лоток істелді. Мешіт заборы темірден оюлатып жасалынған. Мешіт алдына тас кілем төселген.  Көше бойына екі үлкен  жарықтандыру қүрылғылары қойылған. Жер асты су тартылған. Мешіт ауласын түрлі жеміс ағаштарымен, 500 жуық гүл көшеттері егіліп,  көріктендіру, гүлдендіру жұмыстарымен көркемделген.

Осы облыстағы мешіттер