Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Кербұлақ аудандық орталық мешіті (Sýretter)

Кербұлақ аудандық орталық мешіті

Алматы облысы Кербұлақ аудандық орталық  мешіті.  Кербұлақ аудандық мешіті ауданда ең алғаш салынған мешіттердің бірі. 1990 жылы сол кездегі имам Байболатов Нұрахметтің бастамасымен халықтың жинаған қаражатына салынған

Мешіт орналасқан жеріСарыөзек кенті Құрманғазы көшесі № 40  

Мешітте бір уақытта 300-адам намаз оқи алады.

Мешіт 3- бөлмелі: 1. намаз залы 20,50х11,50=235,75 шаршы метр. 2. дәліз 2,40х7,0=16,8 шаршы метр. 3. от жағатын бөлме 2,70х5,0=13,5 шаршы метр

Мешіттің қабырға биіктігі 5 метр.

Күмбез  биіктігі 7 метр көк түспен сырланған темір, диаметрі 5 метр.               

Төрт бұрышында кіші күмбездері биіктігі жерден бастап 8 метр. диаметрі 1метр.

Терезесі 14. Есігі кіреберіс -1 ішкісі -1 от жағатын бөлме -1

Мешіттің намаз залына кіргенде құбыласында Аят  жазуы бар михраб, оң жағында ағаштан оюланған  мінбер орналасқан, сол жақ қабырғасында намаз уақыты белгіленген төрт шетінде дінгек бар.

Мешіттен бөлек орналасқан қасында 6,50х850= 55,25 шаршы метрден тұратын Қойма және оның қасында 8,40х12,0=100,08 шаршы метрден тұратын іші парта,тақта басқада керекті заттармен жабдықталған медресе, кітап қоятын сөре кітаптарымен имам отыратын стол орындығымен және кісілер қабылдайтын орындықтар орналасқан имам бөлмесі, күзет және от жағатын бөлмелер орналасқан.

Мешіттің жалпы жерінің көлемі 8407,5 шаршы метр.

Мешіт ауласы  темір тормен қоршалған, қақпадан бастап мешітке дейін асвальт төселген, екі жағы кара ағаш отырғызылып, қырқылған, гүлдер егілген, мешіттің артына жеміс жидек отырғызылған, когалдандырылған.

Су жүйесі жүргізілген.

Дәретханасы төртеу екуі ер, екеуі әйелерге арналған, жеке сыртта орналасқан.

Мешіттің әділет басқармасына тіркелген № 233-1952-ф-л 07 тамыз 1990ж.

Имамы Андакулов Сейткали Жумашевич. Туған күні 26.12.1982ж.

Тұрған жері Сарыозек кенті Сатпаев көшесі № 12 үй.

Бұйрығының № 456. 2 қараша 2007ж. 

Осы облыстағы мешіттер