Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Мұхаммедин Шейхұлы» мешіті (Sýretter)

«Мұхаммедин Шейхұлы» мешіті

Қызылсай ауылында 2000 жылы тұрғызылған. Алла үйінің іргетасы, баспалдақтары, есік-терезелерінің айналасы сары түсті таспен қапталған. Ауласына тас плитка төселген. Қабырғасы ақ түсті, төбесінде бір үлкен және екі шағын көк түсті күмбездер қойылған. Ғимаратқа кіргенде оң жағында әйелдердің намаз оқитын бөлмесі мен кітапхана орналасқан, сондай-ақ имамның бөлмесі бар. Ерлердің намаз оқитын залының ауданы 100 шаршы метр. Іші жарық, аспалы шам ілінген.

Ауласы кең, темір шарбақпен қоршалып, ішіне ағаштар егілген, дін қызметкерлеріне арнап 5 бөлмелі үйі салынған.

Осы облыстағы мешіттер