Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Форт-Шевченко орталық мешіті» (Sýretter)

«Форт-Шевченко орталық мешіті»

Форт-Шевченко қаласының орталығында 2000 жылы жергілікті халықтың бастамасымен салынған, аумағы 400 шаршы метр.

2009 жылдың аяғында жергілікті әкімшілік сыртын күрделі жөндеуден өткізді; қабырғасы ақ таспен қаланды; ауласына шахмат тақтасының шаршысындай етіп қызыл және ақ түсті тас төселді. Жерінің аумағы 0,22 га. Бір мезгілде 300 адам намаз оқитын үлкен залының іші пирамида пішіндес етіп қаланған, әйелдер бөлмесіне бөлек есік арқылы кіреді. Сонымен қатар, имам бөлмесі және дәрісхана, кітапханасы бар. Күмбезі және мұнара күмбезі көк түске боялып, үстеріне айшық орнатылған. Мұнарасының биіктігі 11, іргетасының биіктігі 1 метр. Ауласына ағаш егіліп, демалу үшін орындықтар қойылған. Кіреберістегі маңдайшаға «Лә иләһа иллалаһ Мұхаммадур расулалла» деп арап әрпімен жазылған, есіктің екі жағы және мұнараға дейін ақ тастың үсті көк түспен өрнектелген. Сыртқы ауласы темір шарбақпен қоршалған, айнала орнатылған электршамдар түнгі мезгілде мешітті басқа ғимараттардан ерекшелендіріп тұрады.

Осы облыстағы мешіттер