Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтау қалалық мешіті (Sýretter)

Ақтау қалалық мешіті

Ақтау қаласының 17-шағын ауданында 1990 жылы салынды. Қабырғалары, күмбезі, мұнарасы толық ақ түсті. Мұнарасының биіктігі 10 метр. Ер кісілер намазға жығылатын бөлмесінің ауданы 108, ал әйелдерге арналған бөлме 84 шаршы метр. Екі ғимарат ортасында айт күндері, ораза айында ауыз ашуға арналған дастарқан жаятын 130 шаршы метрлік тағы да қосымша үлкен ашық бөлмесі бар. Сонымен қатар, имамның бөлмесі де қарастырылған. Әйелдер намаз оқитын залға қойылған үлкен экран арқылы намаз көрінісі мен имамның дауысына ілесіп жамағат намазға қатысуға мүмкіншілік алады. Ерлер мен әйелдердің бөлмелеріне кіретін есік бөлек. Еденіне жасыл түсті жайнамаз төселген. Мешіттің шағын кітапханасы бар. Ерлер мен әйелдер бөлмелеріне қойылған терезелерден жарық молынан түседі, ал кітапханасы орналасқан ортадағы бөлменің қыбыла жағының қарама қарсы қабырғасына бір тұтас ақ пластик терезелер орналасқан.

Ауласына тас төселіп, алма, шие, шабдалы, алмұрт  ағаштары егілген, намазхандарға  арналып орындықтар қойылған. Жуынатын орын, қысқы жылыту қазаны бөлек.

Осы облыстағы мешіттер