Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Тайман қари» ауылдық мешіті (Sýretter)

«Тайман қари» ауылдық мешіті

Жалағаш ауданы Аққұм аулында орналасқан. Құрылысы 2003 жылдың мамыр айында басталып, 2004 жылдың маусымында пайдалануға берілген. Ғимарат осы ауыл тұрғындарының демеушілігімен тұрғызылған. Жерінің жалпы көлемі 150 шаршы метр, 100 адамға арналған. Екі мұнаралы, 1 күмбезді. Мұнарасының биіктігі 7, күмбезінің биіктігі 8, шеңбері 4,5 метр. Онда барлығы 4 бөлме бар. Намаз бөлмесі 55 шаршы метр,   имамға арналған бөлмесі 18, дәрісханасы 18, дәлізі 8 шаршы метр.  Намазханада 4 терезе, имам бөлмесінде 2, дәрісханада 2, дәлізінде 1, барлығы 9 терезесі бар. Ауласы темір шарбақпен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер