«Шахмардан ата» мешіті
Шиелі ауданы аулында. Құрылысы 2003 жылы басталып, 2004 жылы аяқталды. Оны академик Шаһмардан Есеновтың немересі Ғалымжан өз қаржысына салдырған. Жер көлемі 40 сотық. Ғимарат аумағы 25 х 18 метр. Биіктігі 14 метр, мұнаралары әшекейленген. Қызыл кірпішпен қапталып, өрілген. Алдына әшекей тас төселген. Үлкен бөлмесі 18 х 15 метр, әйелдер бөлмесі 5 х 3 метр, балалардың бөлмесі 4 х 2 метр бөлек орналасқан, 8 терезе, 8 есігі бар. Айналасы көгалдандырылып ағаш егілген, күнделікті суарылып, күтілуде. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. Сыртта 50 адамға ас беретін жаздық орын ыңғайластырылған. Ғимарат үлкен жолдың бойында.