Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Успен аудандық мешiтi» (Sýretter)

«Успен аудандық мешiтi»

Успен ауданы Успен аулында 2006 жылы салынған.  170 адамға арналған. Жер аумағы 3177,9, ғимараттың көлемi 350,3  шаршы метр. Ол 7 бөлмеден тұрады: намаз оқитын бөлмесінің ауданы 214,1  шаршы метр. Имамға арналған бөлмесі, есепшi бөлмесi, дәрiсханасы мен асханасы бар. От жағатын бөлмесі бөлек орналасқан. Биiктiгi 6,5 метр, iшiне кiлем төселген. Михрабы, мiнбері бар. Мұнара және күмбезi силикатты ақ кiрпiштен қаланған. Шатыры темiр қаңылтырмен қапталған. Мұнарасының биiктiгi 15, күмбезiнің биіктігі 9 метр. Техникалық құрал-жабдықтармен және дыбыс күшейткiш қондырғылармен жабдықталған. Ауласы бетонмен, көше бойындағы қоршауы темiр шарбақпен қоршалған. Ауласы көгалдандырылған.  

Осы облыстағы мешіттер