Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Жұмыскер мешіті» (Sýretter)

«Жұмыскер мешіті»

Жұмыскер аулында бой көтерген. Алғашқыда ол ескі ғимаратта орналасып, Қазан мешіті деп аталды. Діни мамандардың жоқтығынан жабылып қалды. Жұмыскер  ауылының жалпы  жиынында жаңа мешіт салу ұйғарылды. Ұйымдастыру жұмыстарында Мейрамғали Күлетов көп күш-жігер жұмсады. 2005 жылдың  маусым айында Мейрам Пішенбаевтың демеушілігімен жаңа мешіт салынып, құрылысы бір жылда аяқталды. Негізгі мердігері «Павлодар өзен вокзалы» мекемесі болды. 2005 жылы шілдеде ашылу рәсімі өтіп, ғимарат халықтың пайдалануына берілді.  

  Жерінің аумағы 200 шаршы метр. Ғимарат көлемі 78 шаршы метр, 100 кісіге арналған.  Шеңбері 3 метрлік бір күмбезі, биіктігі 8 метрлік мұнарасы бар. Үлкен залының биіктігі - 4,7 метр, қосалқы бөлмелерінің биіктігі - 3,2 метр.  Газблок кірпішінен қаланып сырты түрлі-түсті силикатпен қапталған. Михрабы, намаз залы, имам бөлмесі және жуынатын орыны сапалы әрленген. Дәрісхана мен Құран оқитын орын, намаз залы бөлек орналасқан.

Жылу жеке жылыту қазандығынан беріледі. Жамағаттың бірлігі, жанашырлар мен ынталы жандардың жомарттығы арқасында отын-сумен қамтамасыз етілген.  

 «Жұмыскер мешіті» бір мың алты жүзден астам мұсылман тұратын ауылдың діни қажеттерін өтейді. Діни сауат ашу курсында ересектер мен балалар тілдерін кәлимаға келтіріп, намаз үйренуде. Онда қайырымдылық асы да беріледі.

Осы облыстағы мешіттер