Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Әшім ата» мешіті (Sýretter)

«Әшім ата» мешіті

Екібастұз қаласына қарасты Құлакөл ауылында орналасқан. Ескі мектеп орнына салынған әсем ғимараттың іргетасы 2009 жылдың көктемінде қаланып, құрылысы жүргізілген, 2010 жылы ауласы абаттандырылған. Әлі де болса, алдағы уақытта кем-кетігі бүтінделіп, ауласына 30 түп қарағай, 25 түп қылқан жапырақты балауса шырша отырғызылмақ.

Сәулеті жаңа Алла үйін өздерінің жеке қаражатына Ясынжан Ниязұлы Таиров мен бауыры Тахир Алмазұлы салғызып, құлакөлдіктерге тарту етті. 60-70 намазхан намазға жығыла алатын ғимарат жобасы Ясынжан Ниязұлының ұсынысы бойынша жасалған.

Осы облыстағы мешіттер