Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Бесқарағай орталық мешіті» (Sýretter)

«Бесқарағай орталық мешіті»

 Бесқарағай ауданында 2005 жылы салынған. Құрылысқа осы өңірде туып-өскен көптеген азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлер демеуші болды. Сондай-ақ, Кувейт азаматы Әл-Абдалидің ұрпақтары да қаржылай көмек көрсеткен. Жерінің аумағы 20 сотық, ғибадатханасының ауданы  160 шаршы метр.

Ғимарат ауылдың ең көрікті және биік жерінде бой көтерген. Қабырғасының  биіктігі 5, ал күмбезімен қоса есептегенде 9 метр. Қабырғасы ақ силикат кірпіштен қаланған, сары кірпішпен өрнектеліп, 200 адамға арналған. Ерлер намаз оқитын залы 150 кісілік, ал әйелдер залына 50 адам сияды. Еденге жайнамаз, кілем төселген. Залының іші жарық, биік, әсем мінбері мен әр бұрышта кішкентай 6 күмбезі бар, жылтыр қаңылтырмен қапталған. Алдыңғы қабырғасының екі жағына кәлима-и шаһадат жазылған. 

Осы облыстағы мешіттер