Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Дейілда ана» мешіті (Sýretter)

«Дейілда ана» мешіті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы, Тебереков көшесі бойына салынған. Оның салынуына тікелей ұйытқы болып демеушілік еткен осы ауылдың түлегі, мемлекет қайраткері Ілияс Бақтыбаев. Алла үйі 2008 жылдың тамыз айында салтанатты түрде ашылды. Ауылдың қақ ортасында әрі халық көп жүретін жолдың бойына жамағаттың ғибадат жасауына қолайлы жерге тұрғызылған. Ауылдағы екі мектеп те мешітке жақын.

Жер көлемі 35 соттық. Жалпы ауданы 15х22 метр. Сауат ашу курсына арнап салынған үлкен бөлмесі бар, ауданы 2,50х5 метр.

Ерлердің намаз оқитын бөлмесінің алаңы 12х15 метр және сонымен қатар әйелдер үшін де жеке бөлменің болуы ескерілген, оның алаңы 6х12 метр. Имам бөлмесінің алаңы 2,50х3 метр. Сонымен қатар халықтың қыс, көктем, күз айларында сырт киімдері мен аяқ киімдерін шешіп қоятын арнайы орын бар. Мұнарасының биіктігі 22 метр. Төр залы ортасындағы күмбездің биіктігі 5 метр. Күмбезге өте әдемі, келісті және үлкен, жарық бергіш шам орнатылған. Ерлердің намаз оқитын бөлмесінің қабырғаларына жарасымды шағын шамдар ілінген. Әйелдер намаз оқитын бөлмеге де осындай шамдар қойылған. Ғимараттың едені электр қуатымен жылытылады.

Ауласына әдемі ағаштар және гүлдер егілген. Айналасы түнде электр нұрымен жарқырап тұрады. Үш жағынан үлкен дарбаза жасалынған.

Осы облыстағы мешіттер